Бүгін 9 ақпан күні «Оқу сауаттылығы» аптасы аясында ТҰ 21-20 тобында «Кітап – білім бұлағы» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты студенттер арасында кітап оқуды насихаттау, кітап оқудың пайдасын жеткізу болды. Тәрбие сағаты барысында алғашқы кітаптар, кітап оқудың пайдасы, кітап жайлы нақыл сөздер айтылды. Студенттер өздерінің оқып жатқан кітаптары, алған әсерлері туралы әңгімеледі.
Іс-шараға жауапты: ТҰ 21-20 тобының кураторы Даурбекова А.И. және ө/о шебері Айтжанова А.К.
Новость
Неделя грамотности чтения
February 10, 2022