ТҰ 21-20 тобында «Жемқорлыққа жол жоқ !» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыра отырып, «Сыбайлас жемқорлық, парақорлық» сөздерінің мағынасын, сонымен қатар, сыбайлас-жемқорлықтың қоғамға, мемлекетке, еліміздің дамуына, экономикасы қаншалықты қауыпті екенін түсіндіру.
Еліміздегі сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік , әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер: “Мемлекеттік қызмет туралы” және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” ҚР заңдары туралы айтылды. Жалпы тәрбие сағаты әңгіме –сұхбат түрінде өткізілді, сабақ барысында білімалушылар өз құқықтарымен және сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілермен танысты.
Жаңалық
Жемқорлыққа жол жоқ
2022 ж. 15 ақпан